Диас Жиренбаев алғаш рет жаһандық додада бақ сынады

Бүгін, 23:57 / Өтей Торғайұлы

Прагада (Чехия) мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

26 наурызда ерлер арасындағы жарыс басталып, Қазақстан атынан Диас Жиренбаев өнер көрсетті.

Отандасымыз қысқа бағдарламада 59.34 ұпай жинап, нәтижесінде 35-орынға тұрақтады.

Ол еркін бағдарламаға өте алмады. Ол үшін қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет еді.

Осылайша, Жиренбаев әлем чемпионатын аяқтады.

Қазіргі сәтте америкалық Илья Малинин аралық есепте көш бастап тұр - 111.29 ұпай.

27 наурызда мұз айдынына Софья Самоделкина шығады. Ол еркін бағдарламадан кейін 12-орында тұр.

Тэгтер:

мәнерлеп сырғанау Диас Жиренбаев