Жанболат пен Жазира ұлының тойына келген қонақтардың біріне су жаңа көлік мінгізетінін мәлімдеді

Бүгін, 20:33 / Өтей Торғайұлы

Дәл қазір жұлдызды жұптың ұлы Қазыбектің үйлену тойы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Той тізгінін әртүрлі азаматтар кезектесе ұстауда. Асабалық еткен азаматтардың бірі актер Қайрат Әділгерей қонақтардың арасында көлік ойнатылатынын хабарлады. 

"Алдарыңыздағы номерге ие болыңыздар. Сол сандар бойынша той иелері мейрамхана алдына әкеліп қойған су жаңа көліктің иесі анықталады. Қазақстанда өнер саласында жүргендердің ешқайсысы мұндайды жасап көрген емес", - деді актер.

Сондай-ақ ол тағы төрт адамға шетелге жолдама берілетіні туралы айтты.

"Қай елге десеңіздер айтайын: Иранға. Баруға билет бар, қайтарға жоқ", - деп қалжыңдады Қ. Әділгерей. 

Тэгтер:

көлік той жанболат пен жазира Қазыбек