2025 жылы сот орындаушылары 557,6 млрд теңге өндірген – Әділет министрлігі

Бүгін, 17:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков 2025 жылға арналған борышкерлерден мәжбүрлеп өндіріп алу жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мақсат Балабековтың айтуынша, қазіргі уақытта атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындау мемлекеттік және жеке сот орындаушылары арқылы, сондай-ақ «цифрлық сот орындаушысы» деп аталатын жеңілдетілген өндіріс шеңберінде жүзеге асырылады.

— 2025 жылы сот орындаушыларының, оның ішінде цифрлық сот орындаушысының өндірісінде жалпы сомасы 15,5 трлн теңгені құрайтын 10 миллионнан астам іс болды. Өндірілген сома 557,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 88,6 млрд теңгеге артық. Мемлекет кірісіне 63,4 млрд теңге өндірілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 10 пайызға жоғары, — деді ол ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ спикер 2025 жылғы басқа да статистикалық деректерге тоқталды.

— Бұдан бөлек, мемлекеттік сот орындаушылары мемлекет кірісіне 3,4 млрд теңге көлемінде атқарушылық санкция өндіріп алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үштен біріне артық. Цифрлық сот орындаушысы жеңілдетілген өндіріс шеңберінде шамамен 10 млрд теңге өндірді. Жеңілдетілген өндіріс аясында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы және атқарушылық санкция төленбейтінін ескерсек, азаматтар шамамен 2,4 млрд теңге жеке қаражатын үнемдеді, — деді ол.

Тэгтер:

Әділет министрлігі сот орындаушысы