Биржада доллар арзандады

Бүгін, 16:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 481,83 теңгені құрап, 0,05 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан Ұлттық Банкі 26 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы – 482,33 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 482,09 теңге, сату бағамы – 484,1 теңге. Астанада айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 478,87 теңгеден сатып алып, 485,87 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 482,6 теңгеден сатып алып, 484,62 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 2 наурыз күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 4,91 теңгеге өсті, 3 наурызда 3,54 теңгеге төмендеді, 4 наурызда 1,31 теңгеге өсті, 5 наурызда 6,13 теңгеге төмендеді, 6 наурызда 0,62 теңгеге өсті, 10 наурызда 2,25 теңгеге төмендеді, 11 наурызда 1,57 теңгеге төмендеді, 12 наурызда 2,06 теңгеге өсті, 13 наурызда 0,02 теңгеге төмендеді, 16 наурызда 4,49 теңгеге төмендеді, 17 наурызда 6,59 теңгеге төмендеді, 18 наурызда 3,2 теңгеге өсті, 19 наурызда 0,23 теңгеге төмендеді, 20 наурызда 0,38 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам