"Реал Мадрид" клубында медициналық шешімдерге қатысты дау туындады. Клубтың бұрынғы нутрициологы Итсиар Гонсалес ойыншыларға арналған тағам қоспалары тегін ChatGPT кеңестері негізінде таңдалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz dailysports.net-ке сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында клубтың медициналық штабына сын айтып, мұндай тәсілді кәсіби емес деп бағалаған.
«Қайсысы жаман екенін білмеймін: осы жағдай ма, әлде қоспаларды тегін ChatGPT ақылына сүйеніп беру ме?», – деді ол.
Бұл мәлімдеме басқа даулы оқиғамен қатар шықты. Бұған дейін шабуылшы Килиан Мбаппе-ге қатысты емдеу барысында қателік кеткені туралы ақпарат тараған. Кей деректерге сәйкес, ойыншының жарақаты дұрыс анықталмай, емдеу процесінде қателік жіберілген.
Осы оқиғалардан кейін клубтың медициналық штабы толық құрамда қызметінен босатылғаны хабарланды.