Қазақстанның 13 университеті QS Quacquarelli Symonds рейтингіне енді

Бүгін, 15:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Бүгін QS Quacquarelli Symonds агенттігінің пәндік рейтингтері жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылы рейтингке еліміздің 13 жоғары оқу орны енді. Бұл – төрт салалық және 27 пәндік бағыт бойынша 70 позиция, ұлттық жоғары білім беру жүйесі үшін абсолюттік рекорд.

Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Білім беру және оқыту» бағыты бойынша әлемде 41-орынға ие болды. Бұл – Орталық Азия жоғары білім беру тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. 

Сондай-ақ бірден үш университет пәндік рейтингтерге алғаш рет енді:

Бұл жүйенің тек күшейіп қана қоймай, сонымен бірге әртараптанып келе жатқанын білдіреді. Олар біздің университеттердің жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігіне қаншалықты кіріктірілгенін айқындайды.