Түркістан облысы аумағында полиция кәріз құдықтарының қақпағын ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам ауданы полиция қызметкерлері кәріз құдықтарының қақпағын ұрлады деген күдікпен төрт жергілікті тұрғынды анықтады.
Полицияға бір ұйымнан белгісіз адамдар кәріз құдықтарының қақпағын ұрлағаны туралы хабар түскен. Келтірілген жалпы шығын 500 мың теңгеден асты. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде күдіктілер қысқа мерзім ішінде анықталып, ұсталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шара жалғасып жатыр.
Полиция азаматтарға қырағылық танытып, құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.