Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі мен Toyota автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, апат Сәңкібай батыр даңғылында болған.
Көлік салонында жүкті келіншек болған. Соқтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігі бүйіріне аударылып кеткен.
«Жедел жәрдем көлігінде болған науқас медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады полиция.