Мемлекет басшысы Бангладеш президентін құттықтады

Бүгін, 10:04 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.