Шымкентте жоғалып кеткен мектеп оқушысы табылды (ВИДЕО)

Бүгін, 21:01 / Өтей Торғайұлы

Шымкент қаласында полицейлер жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеп тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кезекші бөлімге баланың оқу орнынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.

"Хабар түскен бойда іздестіру жұмыстарына патрульдік инспекторлар жұмылдырылды. Полицейлер мектеп маңын толық тексеріп, баланың жүруі мүмкін бағыттарын қарастырды. Арада 15 минут өткен соң оқушы қаланың сауда үйлерінің бірінен, мектептен шамамен алты шақырым қашықтықта табылды", - деп жазылған полиция өкілдері таратқан хабарламада.

Полицейдің бейнетіркегіші баланың табылған сәтін түсіріп алған. 

Тэгтер:

Шымкент оқушы