Атырауда жауған жаңбырдан соң тұрғындардың көліктері бүлінген

Бүгін, 20:16 / Өтей Торғайұлы
instagram.com/atyrauoil.official

Тұрғындардың шағымынан кейін әкімдік тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

SMARTNEWS.KZ мәліметінше, Атырауда жауған жаңбыр жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызған. Қала тұрғындары жаңбыр тамшылары киімде, көлік терезелерінде және терезе маңындағы беттерде қара із қалдырып жатқанын айтқан. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жаппай жазып, фото және видео материалдармен бөлісуде. Жарияланған кадрлардан тамшылардың кәдімгі жаңбыр суына ұқсамайтыны байқалады: олар мөлдір су емес, лайға ұқсас дақ қалдырады.

Қала ішінде «лас жаңбыр» жайлы әңгіме тез тарап, тұрғындардың күмәнін одан әрі күшейтті. Осы жағдайға байланысты Атырау қаласының әкімдігі ресми пікір білдірді. Әкімдік таратқан ақпаратқа сай, жауын-шашыннан кейін жауапты мекемелер атмосфералық жауын-шашын үлгілерін жинап алған. Қазіргі уақытта жаңбыр суының құрамына химиялық сараптама жасалып жатыр. Әзірге бұл құбылыстың нақты себебі айтылған жоқ. Мамандардың қорытындысы дайын болғаннан кейін ғана жаңбыр құрамында қандай заттар бар екені белгілі болады.

Тэгтер:

Атырау Жаңбыр