Атырау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім қауіпсіздік талаптарын бұзып, биікке шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасп.
Биіктен құлау салдарынан ол жеңіл жарақат алды.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім орталықта ересектердің қарауынсыз жүрген және кіреберіс бөліктегі құрылымнан секіріп кеткен. Медициналық тексерістен кейін ол үйіне жіберілді.
Полиция дерегінше, баланың ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органдарға нысандағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру туралы нұсқама жолданды.