Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер, дирижер қызметін атқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халық әртісі, күйші Қаршыға Ахмедияров 50-ге жуық күй жазған.
Көпшілік арасында өнер иесіне күй Қаршығасы, саңлақ күйші, күй аспанының Қаршығасы, ғасыр күйшісі деген атаулар берілген.
Бүгінде Қаршыға Ахмедияров орындаған 500-ден астам күй радио, телевизия мұрағатында сақтаулы.