Шымкентте егде жастағы әйел кішкентай қызға қол көтерген (ВИДЕО)

24 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Шымкентте балалар ойнайтын арнайы алаңда егде жастағы әйел кісі ойнап жүрген сәбиге жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
 

Әлеуметттік желіде тараған бейнежазбада кішкентай ұл мен қыздың арасында жанжал туындағаны көрінеді. Алайда жағдай бұнымен тоқтамаған — ұл баланың анасы араласып, қыз баланы шымшып, түртіп тиіскені кадрға түсіп қалған.

Кейін тіпті қыздың әпкесі сіңілісін алып кетуге тырысқанымен, әйел адам арттарынан қуып, өз баласына қызды ұрғызуға әрекет жасағасы келген.

«Қызымды үлкен әйел ұрды… Аяқтары көгеріп қалды. Экспертизадан өттік», — дейді жапа шеккен қыздың анасы.

Оқиға желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мұндай әрекетке қатаң шара қолдану керек екенін жазуда.
 

Тэгтер:

Шымкент Бала төбелес