«КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облысы:
- Жібек Жолы төлем қабылдау пункті — Қарағанды облысының шекарасы;
- Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы.
Қарағанды облысы:
- Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем қабылдау пункті;
- Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы;
- Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
- Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті;
- Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті.
Жолды 2026 жылғы 25 наурызда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.