Алау Нұртас құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

Бүгін, 19:50 / Өтей Торғайұлы

Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау ел білмейтін құпияларын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мен негізі әлеуметтік желілерден бас тартсам ба деп жүрмін. Сосын Америкаға кетемін. Түшшш... Мансабыммен айналысқым келеді. Міне, осындай құпияларым бар", - деді Алау Қайратқызы.

Сондай-ақ ол өзінен сұхбат алған азаматқа танысының туған күніне киіп келген киімі туралы да айтып берген.

"Өз образымды бір сағатта жасап алдым. Үстімдегі көйлегімді Астанадағы сауда орталықтарының біріндегі дүкеннен алдым. Қолғап пен маңдайшамды маркетплейстен тапсырыс арқылы алдырдым. Соңғы айтқан екі затқа барлығы 6 мың теңге жұмсадым. Браслетті де интернет-дүкеннен алдым. Туфли мен пальтоға анам демеуші болған. Алқамды әпкем алып берген", - деді Алау.

Тэгтер:

әнші Дүкен Алау Нұртас