Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман
ғаламтор

Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Күдікті жарақат алып, қазіргі уақытта ауруханада күзетпен жатыр. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына қамау жоспарлануда. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын тәркілеп, жүргізушіні алкогольге тексеру үшін медициналық сараптама тағайындады. Көліктер айып тұрағына қойылып, әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша материалдар сотқа жолданды.

«2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 03:30 шамасында Zeekr 009 автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен келе жатып, Мендіқұлов көшесімен қиылыста көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен және Mercedes-Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Zeekr жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады полиция.

Тэгтер:

Жол апаты Алматы әл-Фараби даңғылы