Батыс Қазақстан облысында 2026 жылдың алғашқы екі айында 262 адамды ит қапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде жануарлардың тістеуі мен тырнауынан зардап шеккен 417 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 жағдайға көп (ол кезде 339 шағым тіркелген).
2026 жылы зардап шеккендердің ішінде 90-ы — балалар. Жарақаттардың 68%-ы иттердің шабуылынан болған, ал 23,8% науқас мысықтардың тістеуі мен тырнауынан зардап шеккен. Ірі қара мал 20 адамды жарақаттаған.
Мамандардың мәліметінше, облыста құтыру деректері тіркелмеген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері 417 зардап шегушінің барлығы дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы екпе алғанын хабарлады.