«Ененің ұзатқаны дұрыс емес»: Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатты (ВИДЕО)

Бүгін, 07:24 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, алып кеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

«Аллаға шүкір! Бүгін келінімізді аман-есен өз шаңырағымызға түсірдік! Құдағиым Лиза "өзіңіз әніңізбен алып кеткеніңізді қалап тұрмыз" деген соң өтінішін орындадым. Тілектеріңізге рахмет», - деп жазды ол. 

Көпшілік бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр. 

«Енесі емес, қазақ эстрадасының жұлдызы ұзатты деп қабылдаңыздар», «Естімеген елде көп», «Енесі ұзатқаны дұрыс емес», деп жазып жатыр көпшілік.