Блогер Жанәбіловтердің шаңырағында қуанышты оқиға болды (ВИДЕО)

23 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
коллаж: Turkystan.kz

Танымал қазақстандық блогер Ерболат Жанәбілов отбасылық кеште бой көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогердің туған інісі кішкентай қызына қырқынан шығару рәсімін жасады. Сол мерекелік бас қосуға блогерлік жұп та қатысты.

"Қызымызды қырқынан шығардық. Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ, бақытты болсын", - деп жазды блогердің келіні Айханым.

Видеодан барлық отбасы мүшелерінің кішкентай сәбиге тілек айтып, қырық қасық су құю рәсімін жасап жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, танымал блогерлік жұптың соты Астана қаласында өтіп жатыр

Тэгтер:

Астана блогер Ерболат Жанәбілов