Нұрбол Жұмасқалиевтің «Тобылдан» кететіні туралы ақпарат тарады

23 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

«Тобыл» клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев жақын арада қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ASnews.kz сайты жазды. 

Қазір клуб басшылығы оның орнына келетін жаңа маманның кандидатурасын қарастырып жатқан көрінеді. Осы маусымда Н. Жұмасқалиевтің жетекшілігімен «Тобыл» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алғанымен, Премьер-лиганың бастапқы үш турында небәрі бір ғана ұпай жинады.

КПЛ-дың 4-туры аясында қостанайлықтар семейлік «Елімаймен» кездеседі.

Тэгтер:

Футбол Нұрбол Жұмасқалиев