Жасандылықтан шаршау: блогерлер жаңа трендке көшіп жатыр

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат

2026 жылы әлеуметтік желілердегі контент форматы айтарлықтай өзгеріп келеді. Business Insider мәліметінше, блогерлер мінсіз әрі «жылтыратылған» видеолардан әдейі бас тартып, керісінше қарапайым, табиғи форматқа бет бұра бастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сарапшылардың айтуынша, тым идеал кадр, мінсіз сөйлеу және тым қатты өңделген видео көрерменде күмән туғызады. Көпшілік мұндай контентті «жасанды интеллект жасаған болуы мүмкін» деп қабылдай бастайды.

Контент жасаушылар үшін бұл жаңа бәсеке ережесіне айналып отыр. Енді ерекшелену үшін идеал болу емес, керісінше адамға тән кемшіліктерді көрсету маңызды.

Мамандар мұны аудиторияның сенім дағдарысымен байланыстырады. Көрермен шынайылықты іздейді, ал тым мінсіз контент сенімнен гөрі күмән тудырады.

Тэгтер:

блогер контент