AirDrop: Енді "Самсунгтен" "Айфонға" файл жіберуге болады

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
cурет: istockphoto.com

Samsung компаниясы Apple экожүйесімен байланысатын жаңа функцияны іске қосты. Енді Galaxy смартфондары арқылы файлдарды Apple құрылғыларына, iPhone, iPad және Mac-ке тікелей жіберуге болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңарту алдымен Samsung Galaxy S26 моделіне Оңтүстік Кореяда қолжетімді болды. Компания мәліметінше, алдағы аптада бұл мүмкіндік басқа елдерде де біртіндеп іске қосылады.

Жаңа функция AirDrop жүйесіне ұқсас жұмыс істейді. Пайдаланушылар енді фото, видео және құжаттарды ешқандай қосымша орнатпай-ақ, Android пен Apple құрылғылары арасында жылдам бөлісе алады.

Әзірге бұл мүмкіндіктің қай модельдерге таралатыны нақты айтылған жоқ. Дегенмен Samsung болашақта жоба аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тэгтер:

айфон самсунг