Жаңа туған егіз сәби шалғайдағы ауылдан Павлодарға тікұшақпен жеткізілді

Бүгін, 11:49 / Алуа Арман
112

Жаңа туған егіз сәбилер ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Шарбақты ауылынан Павлодар қаласына жаңа туған егіз сәбилерді шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен тасымалдады. Бортта кішкентай науқастарды санавиация дәрігерлерінің бригадасымен сүйемелдеу жүзеге асырылды.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. Өткен түні дүниеге келген егіздер медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта мамандардың бақылауында.

Тэгтер:

егіз Павлодар сәби Тікұшақ