Елена Рыбакина Miami Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Бүгін, 09:00 / Алуа Арман
ҚТФ

Елена Рыбакина беделді Miami Open турнирінің үшінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші екі сетте Украина өкілі Марта Костюк (WTA рейтингінде 27-орын) спортшысын жеңді.

Кездесу Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:4. Елена тұрақты ойын көрсетіп, маңызды брейк-пойнттарды тиімді пайдаланды. Соның нәтижесінде матчты екі сетте өз пайдасына шешті.

Майамидегі турнирдің ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакина австралиялық теннисші Талия Гибсон (WTA рейтингінде 68-орын) қарсы ойнайды.

Тэгтер:

Турнир айналым Елена Рыбакина теннис