«Бақытты боламын деп шештім»: Олжас Абайдың бұрынғы жары қалыңдық образында көрінді

22 наурыз, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жары әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі бұл жолы қалыңдықтың образын таңдап, ерекше фотосымен бөліскен.

Жазба астына ол:
«Бақытты боламын деп шештім. Оған ешкім кедергі бола алмайды», – деп жазған.

Желі қолданушылары оның бұл қадамын қолдап, жылы лебіздерін білдірген. Пікір қалдырушылардың қатарында:

«Қуыршақтай әдемі! Бақытты болыңыз», «Жассыз, бақытқа лайықсыз», «Сұлуын-ай», «Тіл-көзден аман бол» деген тілектер көптеп жазылған.