«Ерекше бақыттымыз»: Әнші Жазира Байырбекова құда түсіп, келініне сырға салды (ВИДЕО)

Бүгін, 19:46 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығын жария етті, деп хабарлайды turkystan.kz

Өнер иесі қазақтың салт-дәстүріне сай болашақ келініне сырға салу рәсімі өткенін хабарлады.

Әншінің айтуынша, бұл – екі әулеттің басын қосқан берекелі бастама.

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін. Тіл-көзден сақтасын», – деп жазды ол.