Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның 13 өңірі мен Астана қаласында дауылды ескерту күтілетінін болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.  

Астана: түнде және таңертең тұман, жолда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде: тұман, жолда көктайғақ. Көкшетауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

Шымкент: күндіз жаңбыр, найзағай. Жел күші күндіз 15-20 м/с.

Түркістан облысы (оңтүстігі және таулы аймақтар): таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман. Жел күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысы (оңтүстігі және таулы аймақтар): таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Таулы аймақтарда тұман. Жел күші 15-20 м/с. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, кейде тұман.

Атырау облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр, күндіз найзағай, шаңды дауыл. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел күші 15-20 м/с. Атырауда жаңбыр, күндіз найзағай, шаңды дауыл.

Абай облысы (оңтүстігі мен орталығы): тұман.

Шығыс Қазақстан облысы: солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман. Өскеменде түнде және таңертең тұман.

Қарағанды облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолда көктайғақ. Қарағандыда кейде тұман.

Ұлытау облысы: солтүстігі, шығысы, орталығы тұман. Жезқазғанда кейде тұман.

Қостанай облысы: батысы, солтүстігі, шығысында көктайғақ, тұман. Қостанайда тұман.

Павлодар облысы: оңтүстігі, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолда көктайғақ. Павлодарда тұман.

Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел күші күндіз 15-20 м/с. Петропавлда тұман, көктайғақ, жел күші күндіз 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы: солтүстік-шығысында күндіз жаңбыр, найзағай. Батысы, оңтүстігі, орталығы тұман. Ақтауда тұман.

Батыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман.