Қарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсті

Бүгін, 18:40 / Нұрлан Әлинұр
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 21 наурыз таңғы сағат 05:00 шамасында болған.

"Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында Сарышаған кенті маңында Жамбыл облысы шекарасынан 3 шақырым жерде жол апаты тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 49 жастағы автобус жүргізушісі көлікті тізгіндей алмаған", - дейді.

Автобус жол жиегінде сол бағытта тоқтап тұрған "Volvo" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты.

Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.