Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, елордадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 479,56 теңгеден сатып алынып, 486,52 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы сатып алу кезінде 551,97 теңге болса, сату құны 561,97 теңгеге жеткен. Ресей рублі 5,76–6,17 теңге аралығында құбылып тұр. Ал қытай юані 71,99 теңгеден қабылданып, 76,02 теңгеден ұсынылуда.
Ал Алматы қаласында доллар 481,10 теңгеден сатып алынып, 483,62 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағасы 555,54 теңге болса, сату бағасы 561,68 теңгені құрайды. Рубль 5,72 мен 5,93 теңге аралығында саудалануда. Юань бағамы 71,59–74,38 теңге деңгейінде қалыптасқан.