"Мен де адам баласымын": Әріптесіне қол көтермек болған Асқар Жұмабек өз шындығын айтты

Бүгін, 22:56 / Өтей Торғайұлы

Бүгін әлеуметтік желіде Айнұр Нарзиева есімді бойжеткен актер Асқар Жұмабектің өзіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат таратты. Алайда актер оны жалған ақпарат таратып отыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Жанжал болғаны рас, боқтағанымды мойындаймын. Бетіме қарап мені боқтап тұрған адамға үндемей тұра алмаймын. Табиғатым сондай! Мені оятып жіберші дегенім өтініш еді! Ақтап алу, даттап алу әрқашан сіздердің қолдарыңызда ғой. Мен де адам баласымын, тікелей ол қызға ешқандай бір жаман ойым, жаман ниетім жоқ. Бір Аллаға тапсырдым", - деп жазды ол.

Еске салайық, Асқар Жұмабек 2023 жылы төбелеске қатысқаны үшін 6,5 жылға сотталған еді. Кейін мерзімі қысқарып, айыппұлмен еркіндікке шыққан.

Тэгтер:

Актер Асқар Жұмабек