Танымал тележүргізуші Сырымбек Таудың көпшілік біле бермейтін жомарттығы жайында сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ләйлә Сұлтанқызы кәсіпкердің бала сүйе алмай жүрген азаматтарға үлкен көмек көрсеткенін атап өткен.
“@syrymbek_tau-ға хат жазғанда "Сырымбек батыр" деп бастаймын. Жағымпаздану үшін емес. Себебі оның жүрегіндегі мейірімділіктің арқасында бірнеше отбасы балалы болды. Бұл белсіздік диагнозы қойылған отбасыларға қандай бақыт екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Ақшам болса мен де сөйтер едім дейтіндерге айтарым, көмектесіңізші деп қаншама байлардың алдына барғанда, жүректері жібімек түгіл,соңына дейін өтінішімді тыңдамаған да. Сондықтан бүгін туған күнінде алғыс айтып, құттықтағым келеді. Бақытты бол, Сырымбек!”, – деп жазды тележүргізуші.