Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінде алтын медаль иеленді

Бүгін, 19:53 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті. Нәтижесінде Нұрқанат алтын медаль үшін өткен белдесуде әзірбайжандық Туран Байрамовты жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медальға ие болғаны туралы жазған еді.

Тэгтер:

Грузия Нұрқанат Серікбаев