Наурыз – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын ұлықтайтын ерекшемереке. Осы орайда 5573 әскери бөлімінің ұжымыерлігімен ел жадында қалған батыр сарбаз АйбатАмановтың шаңырағына арнайы барып, тағылымы мол кездесу өткізді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілербатырдың отбасына құрмет көрсетіп, оның жарқынбейнесін еске алды. Әсіресе, Айбаттың анасы ГүлназӘлкенқызымен болған әңгіме әсерлі де мазмұндыөтті. Ана жүрегіндегі сағыныш пен мақтаныш қатарөрілген сырлы сұхбатта ол ұлының бала кезіненбастап елжандылыққа, батылдыққа тәрбиеленгенінтебірене жеткізді.
– Айбат кішкентайынан әділдікті сүйетін, елгеқызмет етуді армандайтын еді. Әскери жолдытаңдауы да – оның Отанға деген сүйіспеншілігініңайқын көрінісі, – деп бөлісті анасы.
Кездесу барысында бөлім әскери қызметшілерібатырдың ерлігі – жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтіп, оның есімі әрдайым құрметпен аталатынын жеткізді. Мұндай тағылымды кездесулер сарбаздардың рухынкөтеріп, Отан алдындағы жауапкершілігін арттыратүсетіні сөзсіз.
Шаңырақ күні аясындағы бұл кездесу – тек біротбасыға құрмет көрсету ғана емес, ел қорғағанерлердің ерлігін ұлықтау, олардың отбасына қолдаубілдірудің жарқын үлгісі болды. Батырдыңшаңырағында өткен бұл жүздесу әрбір қатысушыныңжүрегінде терең із қалдырды.
Лейтенант
Әйгерім БАЛТАБАЕВА