Қызылордада өз картасын алаяқтарға берген үш адам жауапқа тартылды

Бүгін, 17:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда облысында өз есеп шотын үшінші тұлғалардың пайдалануына берген 5 азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеңіл жолмен пайда табу мақсатында Қызылорда қаласының тұрғыны өзіне тиесілі банк есеп шотын үшінші тұлғалардың пайдалануына 20 000 теңге сыйақыға беріп, дроперлікпен қызметпен айналысты.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Өз кезегінде, дроперлер алаяқтық схемаларда делдал ретінде әрекет етеді.Олардың негізгі қызметі - заңсыз жолмен келген ақшаны қабылдау, оларды басқабанктік шоттарға аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беру болып табылады.

Аталған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты заңнамамен кінәлі тұлғаларға айыппұлдан бастап 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Егер адам заңсыз схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Осы орайда облыстық прокуратура азаматтарды алаяқтық схемалардың құралына айналмауға және өздерінің банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Тэгтер:

Алаяқ Қызылорда карта дроппер жауапқа тарту