Әлемдегі ең бақытсыз ел анықталды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

2026 жылғы World Happiness Report жарияланып, әлемдегі ең бақытты елдер рейтингі анықталды. Биыл да көш басында Финляндия тұр. Бұл ел рейтингіде тоғызыншы жыл қатарынан топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үздік бестікке дәстүрлі түрде скандинавиялық мемлекеттер енді: Исландия – екінші, Дания – үшінші, Швеция – төртінші және Норвегия бесінші орынға жайғасты.

Сарапшылардың пікірінше, бұл елдердің тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетуі әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы, сапалы медицина мен білімнің қолжетімділігімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғамдағы сенім деңгейі мен өмір сапасының жоғары болуы да маңызды фактор ретінде аталады.

Тізімнің соңында Ауғанстан тұр. Сарапшылар мұны елдегі ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақсыздықпен байланыстырады.

Жалпы, есеп қорытындысы елдердің бақыт деңгейі тек табысқа емес, қоғамдағы сенім, қауіпсіздік және әлеуметтік қолдауға да тәуелді екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Тэгтер:

Ауғанстан бақытсыз ел рейтингі