Абай облысында Наурыз мейрамы қарсаңында 17 отбасы баспаналы болды

Бүгін, 12:43 / Інжу Әлихан
Абай облысы әкімдігі

Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында 17 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көп жылдан бері бос тұрған үш қабатты тұрғын үй облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен қайта жаңғыртылып, мемлекеттік кезекте тұрған азаматтарға табысталды.

Салтанатты кілт табыстау рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, қоныс иелеріне ақжарма тілегін арнады.

Жаңа тұрғын үйден 1 бөлмелі 5 пәтер, 2 бөлмелі 11 пәтер, сондай-ақ,  3 бөлмелі 1 пәтердің кілттері өз иелеріне берілді.

Баспаналар заманауи талаптарға сай жөндеуден өткізіліп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.