Алматыда алимент төлемеген 17 адамға қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 09:57 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасының бастамасымен жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 17 борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық істер тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 95 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 350 баланың пайдасына 400 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді.

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және барлық ата-ананы балалар алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға шақырады.

 Алимент төлеуден жалтару, әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ҚР ҚК-нің 139-бабы) әкеп соғады.

Тэгтер:

алимент Алматы