Оқиға Рудный қаласы маңындағы Сергеев су қоймасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға құлап кеткен.
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен құтқарушылар жедел әрекет етіп, арқанның көмегімен екеуін де аман алып шықты.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.