Теміртауда ер адам 2 метрлік құдыққа құлап кеткен

19 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы Колхозная көшесінде 44 жастағы ер адам абайсызда тереңдігі 2 метр ашық құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

“Оқиға орнына жедел түрде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді. Бірлескен іс әрекеттің арқасында, медициналық қалқанды пайдалана отырып, олар ер адамды құдықтан шығарып алды”, – деп жазылған ТЖМ баспасөзі таратқан хабарламада.

Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Тэгтер:

Теміртау құдық