Ирактың әуе кеңістігі 22 наурызға дейін жабылды

19 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Ирактың авиациялық билігі елдің әуе кеңістігін жабу режимін кемінде жексенбіге дейін ұзартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елдің әуе қозғалысына жауап беретін «Бағдат» ұшу ақпараты ауданының диспетчерлік қызметіндегі дереккөз ТАСС агенттігіне мәлімдеген.

«Әуе кеңістігін жабу режимі жексенбі, 22 наурыз күні дүниежүзілік уақыт бойынша сағат 09:00-ге дейін ұзартылды», — деп жазды агенттік.

Ирак аспаны 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты жабылған еді.

Тэгтер:

Ұшақ Ирак әуе