Ербол Хамитов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде магистратура бойынша тегін білім алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы грант иегері әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген.
“Ректор Ербол Маратұлы магистратура грантын табыстады”, – деп жазды Ербол Хамитов.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде өзін Милан олимпиадасының чемпионы мәнерлеп сырғанаушы М. Шайдоровпен салыстырған.
«Мен Михаил Шайдоров емеспін», – деп жазды спортшы.
Бұдан бөлек ол желі қолданушыларын өзінің парақшасына жазылуға шақырған.