«Әйелімнің бетінен сүйіп амандасқанын қаламаймын»: Актер Еділ Анарбай жұбайына қатысты құпияны ашты

19 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөз

Белгілі қазақстандық актер Еділ Анарбай "TABOO" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сұхбат барысында актер жұбайын қатты қызғанатыны туралы ашып айтты. 

"Қызғана білуің керексің. Әйелін қызғана білмеген еркек, еркек емес. Қазір қоғамда, өкінішке қарай, ондай нәрселер көп. Мысалы, менің әйелім менің досыммен сүйісіп амандасса, бұл қалыпты деген ой бар. Мен бұған келіспеймін. Мен ең жақын досымның өзі әйелімнің бетінен сүйгенін қаламаймын. Мен сондай адаммын. Сондықтан жеке басымдағы заттарды жариялағым келмейді", - деді актер отбасылық құпиясы жайында.

Тэгтер:

Актер Еділ Анарбай