Атырауда алты айлық сәби қайтыс болды

19 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөз

Атырау облысында Қызылқоға ауданынан ұзақ жол жүріп келген алты айлық сәби облыстық аурухананың кіреберісінде көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ата-анасының айтуынша, сәбидің қызуы қатты көтеріліп, соның салдарынан отит асқынған. Алайда дәрігерлер ұзақ уақыт бойы нақты диагноз қоя алмай, қажетті емді дер кезінде тағайындамаған.

Баланың жағдайы күрт нашарлаған кезде, отбасы оны өз күшімен Атырауға алып бару туралы шешім қабылдаған. Жол бірнеше сағатқа созылған.

«Бізге нақты диагноз қоя алмады, тиісті ем көрсетілмеді және санитарлық авиация беруден бас тартылды. Соның салдарынан баланы шамамен алты сағат алып жүрдік, ақыры ол қайтыс болды», — деді ата-анасы.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Аурухана Атырау сәби