Англияда менингит өршіді

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: Gareth Fuller/PA Wire

Ұлыбританияның оңтүстік-шығысында менингит B індеті тіркеліп, жағдай алаңдатарлық болып отыр. Қазіргі мәлімет бойынша, жалпы саны 20-ға жуық расталған және күдікті жағдай анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Індет UK Health Security Agency бақылауында. Билік өкілдері жағдайды «бақылауда» деп бағалағанымен, аурудың өзі өте қауіпті екенін атап өтті. Екі жас адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Менингит B – Bacterial meningitis түріне жатады. Бұл – ми мен жұлынды қоршап тұрған қабықтардың қабынуы. Мамандардың айтуынша, бактериалды түрі вирустыққа қарағанда әлдеқайда ауыр өтеді.

Ауру әдетте жақын байланыс арқылы жұғады жөтелу немесе ортақ ыдыс қолдану кезінде таралуы мүмкін. Қазіргі індеттің таралуы Англиядағы Кентербери қаласындағы түнгі клубпен байланысты болуы ықтимал.

Менингиттің негізгі симптомдары:
– қызудың көтерілуі
– қатты бас ауруы
– мойынның сіресуі
– жарыққа сезімталдық
– жүрек айну және құсу
– ұйқышылдық немесе естен адасу

Ауру тез асқынуы мүмкін, сондықтан алғашқы белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге жүгіну маңызды.

Ұлыбританияда 2015 жылдан бері сәбилерге менингит B-ға қарсы вакцина салынады. Алайда осы жылдан кейін туған жасөспірімдердің бір бөлігі бұл вакцинаны алмаған. Соған байланысты билік енді студенттерге екпе ұсынуды жоспарлап отыр.Індет ошағында студенттерге антибиотиктер таратылып, алдын алу шаралары күшейтілген.

Дәрігерлердің айтуынша, қауіп жалпы халық үшін төмен болғанымен, аурудың ауыр салдарын ескеріп, сақтық шараларын қатаң ұстану қажет.

Тэгтер:

Англия менингит