Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда коммуналдық қызмет пен жергілікті тұрғындар қатысқан аумақтарды тазалау және көгалдандыру бойынша экологиялық акция өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы мереке қарсаңында 1000-нан астам көшет отырғызылды, оның ішінде 400-ден астамы Жаңару күні аясында егілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2025 жылы Алматыда 420 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды.