Том Холланд қазақстандық блогерге алғыс айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 15:58 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Әйгілі актер, «Өрмекші адам» рөлімен әлемге танылған Том Холланд қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымға алғысын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сәлем, қалайсың Дастан? Алдыңда, Том Холланд. Біріншіден, қолдағаның үшін рақмет айтұым келеді. Жасап жатқан керемет дүниелерің үшін де рақмет! Шынымен барлығын бағалаймын. Өрмекші адам трейлерінің бір бөлігі болғаныңа үлкен рақмет», - деді Том Холланд.

Еске сала кетейік, Том Холланд ойнайтын «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі 2026 жылғы 30 шілдеде кинотеатрларда прокатқа шығады.

Дастан Мұхамедрахым аталған фильмнің трейлерін таныстыруға арналған бірегей халықаралық кампанияның қатысушысы атанды.

Бұл фильмнің трейлері алғаш рет бөліктерге бөлініп, әлемнің әртүрлі елдеріндегі жанкүйерлер мен инфлюенсерлердің жеке парақшасына жариялау мүмкіндігі берілді. Әр қатысушы фильм трейлернің бөлігін өз парақшасына жариялап, эстафетаны келесі қатысушыға тапсырады.

Ал Дастан жаңа трейлердің эксклюзивті тизерін жариялаған алғашқы қазақстандық блогер атанды.