Домбыраны ұшақпен тасымалдау тәртібі бекітіледі. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz 24kz арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі таңда музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны ұшақпен алып жүру мәселесі қарастырылып жатыр. Осы бағытта заңнамалық өзгерістер енгізу жоспарланған.
«Жақын уақытта жолаушыларға түсінікті әрі нақты ережелер бекітіледі. Онда аспаптарды тасымалдау тәртібі мен қажетті рәсімдер айқын көрсетіледі», – деді вице-министр.