Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мерекесіне байланысты үндеу жасады

Бүгін, 14:09 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мерекесі қарсаңында халыққа қауіпсіз тағам мен санитариялық талаптарды сақтау бойынша үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Барша жұрт асыға күтетін көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы жақындап келеді. Бұл мереке әртүрлі тағамдардың молшылығымен ерекшеленеді: наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдер.

Мерекеге дайындық барысында халық жаппай азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тағам апарады, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады

Мерекелік іс-шаралар кезінде тағамнан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар талаптарды сақтау қажет», - делінген хабарламада.

Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:

Халыққа арналған жадынама:

Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):

ата-аналар қауымы мен білім беру ұйымдарының әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтау талаптары мен мерзімі сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкелуі мүмкін үй жағдайында дайындалған өнімдерді тұтынуға тыйым салуы қажет.