Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның 0,5006 га жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін бастау туралы қаулы қабылдаған кезде жер заңнамасын бұзғанын анықтады , деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес аталған жер учаскесінде жалпы пайдаланудағы объектілерді орналастыру көзделмегені анықталды.
Осыған қарамастан, әкімдік оны қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келетін жалпы пайдаланымдағы объектілердің құрылысына мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған.
Учаскенің бағалау құны 800 млн теңгеден асты.
Прокуратураның наразылығын қарау нәтижелері бойынша әкімдіктің заңсыз қаулысының күші жойылды.
Қабылданған шаралар 800 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының негізсіз шығынын болдырмауға мүмкіндік берді.